Skip to content

АЛҒЫС ОРНЫ

АЛҒЫС ОРНЫ

Біз қызметкерлеріміз туралы келіп түсетін оң пікірлермен бөлісуді жалғастырамыз.

Кері байланыс арналарының бірі — ММҚФ, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы аға медициналық мейірбике Мурзашева Эльмираға, учаскелік медициналық мейірбикелер Елікова Айданаға және Айтыкешова Айнурға алғыс білдірілді.

«Пациенттерге көрсеткен ілтипатты, мұқият, мейірімді әрі қамқор қарым-қатынастары үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Олар — өз ісінің нағыз қаһармандары.

Пациенттер легінің көптігіне қарамастан, әрқайсысымызға жылы сөз тауып, өтініштерімізге түсіністікпен қарап, шын көңілмен көмектеседі, әрдайым күлімсіреп қарсы алады.
Осындай ізгі де абыройлы мамандық иелеріне алғысым шексіз!»- деп жазады Александр Ясиков

Біз өз қызметкерлерімізбен мақтанамыз және кәсібилігі, адамгершілігі мен өз ісіне адалдығы үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз 💙

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *