Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне 24 наурыз орай, ШҚО ДСБ «Өскемен қаласы № 1 емханасы» ШЖҚ КМК ұйымдастырылған балалар бөлімінің қызметкерлері қаладағы № 1, 17, 16, 20, 43, 11, 30, 34, 37, 3, 7, 12 мектептерінде «Иә! Біз туберкулезді жоя аламыз!» ұранымен тақырыптық сабақтар өткізді.
Сабақ барысында оқушыларға туберкулез туралы, оның жұғу жолдары, алғашқы белгілері және алдын алу шаралары жөнінде қолжетімді әрі көрнекі түрде ақпарат берілді. Медицина қызметкерлері дер кезінде дәрігерге қаралу, профилактикалық тексерулерден өту және жеке бас гигиенасын сақтау маңыздылығын түсіндірді.
«Сабақтар еркін диалог форматында өтті: балалар белсенді түрде сұрақтар қойып, талқылауларға қатысып, өмірлік жағдайларды талдап, практикалық ұсыныстар алды», – деп атап өтті ұйымдастырылған балалар бөлімінің аға мейірбикесі Қайырлина Лидия.
Туберкулез — бұл бақылауға болатын жұқпалы ауру. Ол көбінесе тыныс алу мүшелерін, әсіресе өкпені зақымдайды. Инфекция ауа-тамшы жолымен таралады — жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде немесе аурудың белсенді түрімен ауыратын науқастардың қақырық бөлуі кезінде.
Туберкулездің алдын алу — өз қолымызда! Денсаулығыңызды сақтаңыз және уақтылы тексеруден өтіңіз.



