Сәлеметсіз бе!
Сіздерді ШҚО ДСБ «Өскемен қаласы №1 емханасы» ШЖҚ КМК Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі қарсы алады.
Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің мақсаты – мәселелерді анықтау және медициналық көмектің сапасын одан әрі жақсарту.
Егер Сіз:
* медициналық көмектің сапасына көңіліңіз толмаса;
* медицина қызметкерлерінің дөрекі қарым-қатынасына тап болсаңыз;
* тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында көрсетілетін қызметтер үшін медицина қызметкерлері тарапынан ақша талап ету жайттарына тап болсаңыз;
* сондай-ақ медициналық көмекті көрсету тәртібі мен сапасына қатысты басқа да мәселелерге кезіксеңіз, Пациенттерді қолдау қызметіне жүгінуіңізді сұраймыз.
Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметіне Сіз сенім телефоны арқылы 8 771 524 43 46, WhatsApp 8 771 524 43 46 нөмірлері бойынша, сондай-ақ мекеме ғимаратында (Әуезов даңғылы, 18) және филиалдарда (Протозанова көшесі, 1; Потанин көшесі, 4) орналасқан өтініш жәшіктері арқылы жүгіне аласыз. Сонымен қатар медициналық ұйымның сайты арқылы өтініш қалдыруға немесе Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің жетекшісі Қайырбекова Мейірім Архатқызына тікелей жүгінуге болады.
Сіздің өтініштеріңіз, пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз біздің ұйымдағы медициналық көмектің сапасын жақсартуға ықпал етеді.
Құрметпен,
Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі