Skip to content

Пациенттердің құқықтары мен міндеттері

Пациент келесі құқықтарға ие:

  1. Диагностика, емдеу және күтім көрсету барысында құрметпен қаралуға, мәдени және жеке құндылықтарына сыйластықпен қаралуға.
  2. Медициналық көмек алуда тек медициналық көрсеткіштерге негізделген кезектілікпен, кемсітушіліксіз қызмет алуға.
  3. Дәрігерді, медициналық ұйымды (соның ішінде шетелдік дәрігерді) таңдауға және ауыстыруға, сондай-ақ аудио- және (немесе) бейнебақылау жүргізілетіні туралы ақпарат алуға.
  4. Отбасы мүшелерінің, туыстарының, достарының және діни ұйым өкілдерінің қолдауына.
  5. Заманауи медициналық технологиялардың мүмкіндіктері аясында ауруды жеңілдетуге.
  6. Өз денсаулығы жайлы тәуелсіз пікір алуға және консилиум өткізуге.
  7. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да құқықтарға.
  8. Өз құқықтары мен міндеттері, көрсетілетін қызметтер, ақылы қызметтердің құны мен ұсынылу тәртібі туралы (көру және есту қабілеті бұзылған тұлғалар үшін қолжетімді түрде) ақпарат алуға.
  9. Медициналық көмекті тек ауызша немесе жазбаша түрдегі ерікті хабардар келісімнен кейін алуға. Инвазиялық араласулар кезінде келісім арнайы нысан бойынша жазбаша түрде рәсімделеді.
  10. Өз денсаулығы туралы толық ақпарат, емдеудің ықтимал қауіптері мен баламалы әдістері, емдеуден бас тартудың салдары, диагноз, болжам және емдеу жоспары туралы ақпарат алуға.
  11. Өз денсаулығы туралы ақпаратты хабарлау қажет тұлғаны белгілеуге құқылы. Ақпарат алудан бас тарту жазбаша түрде рәсімделіп, медициналық құжаттамаға енгізіледі.
  12. Медициналық ақпарат тек ол науқасқа зиян келтіруі мүмкін жағдайларда жасырылады. Мұндай жағдайда ақпарат жұбайына, жақын туыстарына немесе заңды өкіліне хабарланады.
  13. Денсаулық сақтау саласындағы оқу ұйымдарының клиникалық базаларында ем алып жатқан науқастар оқу процесіне қатысудан және үшінші тұлғалардың ем-шараларға қатысуынан бас тарта алады.
  14. Пациенттің құқықтарын қорғау тиісті органдармен, денсаулық сақтау ұйымдарымен және қоғамдық бірлестіктермен жүзеге асырылады.
  15. Тағайындалған дәрілік зат туралы толық ақпарат алуға.
  16. Некеге тұратын азаматтар медициналық және медико-генетикалық тексеруден өтуге құқылы.

Пациенттің міндеттері:

  1. Өз денсаулығын сақтауға ұмтылу.
  2. Денсаулығын нығайту мен сақтау шараларын қабылдау.
  3. Медициналық қызметкерлермен қарым-қатынаста сыпайылық пен құрмет көрсету.
  4. Дәрігерге диагноз қою мен емдеу үшін қажет ақпаратты жеткізу, емдеуге келісім бергеннен кейін дәрігердің барлық нұсқауларын бұлжытпай орындау.
  5. Диагностика мен емдеу кезінде денсаулық жағдайының өзгерісі, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіруі мүмкін аурулар немесе ондай ауруға күдік туындаған жағдайда медициналық қызметкерлерге уақытылы хабарлау.
  6. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес профилактикалық тексерулерден өту.
  7. Поликлиникада бекітілген ішкі тәртіп ережелерін сақтау, медициналық ұйым мүлкіне ұқыпты қарау, медициналық көмек алу барысында қызметкерлермен ынтымақтаса әрекет ету.
  8. Жеке және қоғамдық денсаулыққа қатысты медициналық қызметкерлердің және денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының нұсқауларын орындау.
  9. Өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын қорғау шараларын сақтау, медициналық ұйымдардың талабы бойынша тексеруден және емнен өту, жұқпалы немесе қауіпті аурулар кезінде медициналық қызметкерлерді хабардар ету.
  10. Жүктілік мерзімі он екі аптаға дейінгі жүкті әйелдер медициналық есепке тұруға міндетті.
  11. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да осы ел азаматтарымен тең дәрежеде денсаулық сақтау саласындағы міндеттерді атқарады.
  12. Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңына сәйкес жарналар төлеуге.
  13. Басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын әрекеттер жасамауға.
  14. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға.
  15. Амбулаториялық деңгейде медициналық және дәрілік көмек алу кезінде медициналық ұйыммен жасалған шартқа сәйкес барлық тағайындауларды орындауға.

Дереккөз: Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі