

Біз мақтанышпен маңызды жаңалығымызбен бөлісеміз!
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалы өткізген «Медициналық көмектің флагманы — 2026» үш айлық байқауының қорытындысы бойынша ШҚО ДСБ «Өскемен қаласының №1 емханасы» КММ ШЖҚ амбулаториялық, консультациялық-диагностикалық және шұғыл көмек көрсету бағыты бойынша 47,6 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды!
Бағалау барысында қаржылық көрсеткіштермен қатар:
- пациенттермен жұмыс сапасы;
- цифрландыру деңгейі;
- медициналық ұйымның ақпараттық ашықтығы;
- халықпен өзара тиімді байланыс орнату деңгейі ескерілді.
Бұл жеңіс — бүкіл ұжымның күнделікті еңбегінің, медициналық көмектің сапасын арттыруға және оны пациенттер үшін қолжетімді әрі ыңғайлы етуге деген ұмтылысының нәтижесі.
Пациенттерімізге сенімі, кері байланысы және қолдауы үшін алғысымызды білдіреміз! №1 емхананың барлық ұжымын лайықты жетістігімен құттықтаймыз! Әріптестерімізге кәсіби табыс, үздіксіз даму және жаңа жетістіктер тілейміз!
Біз сіздер үшін — әр пациентке қамқорлықпен, жауапкершілікпен және көңіл бөле отырып жұмысымызды жалғастырамыз.
