Skip to content

Атеросклероз: тамыр ауруларының алдын алу

Атеросклероз — тамыр қабырғаларында атеросклероздық түйіндер (бляшкалар) түзілетін созылмалы ауру. Уақыт өте келе олар тамыр саңылауын тарылтып, ағзалардың қанмен қамтамасыз етілуін бұзуы мүмкін.

Негізгі қауіп факторлары:

  • холестерин деңгейінің жоғарылауы;
  • артериялық гипертония;
  • темекі шегу;
  • артық салмақ;
  • қант диабеті;
  • дене белсенділігінің жеткіліксіздігі;
  • дұрыс тамақтанбау.

Тамыр денсаулығын сақтауға не көмектеседі?

  • Жануар майлары мен тұзды шектейтін теңгерімді тамақтану.
  • Тұрақты дене белсенділігі.
  • Темекіден бас тарту.
  • Дене салмағын бақылау.
  • Артериялық қысымды, холестерин және қандағы глюкоза деңгейін тұрақты бақылау.

Есте сақтаңыз: атеросклероз ұзақ уақыт бойы білінбей өтуі мүмкін.

Тамырларыңыздың денсаулығына бүгіннен қамқорлық жасаңыз — алдын алу өзіңізден басталады!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *