Skip to content

Туберкулёзді заманауи диагностикалау — GeneXpert

Туберкулезді жылдам әрі дәл анықтауға болады. Заманауи диагностика әдістері Қазақстанда қолжетімді.

Қазіргі таңда туберкулезді анықтауда молекулалық-генетикалық әдістер кеңінен қолданылады. Олар аурудың бар-жоғын қысқа уақытта анықтап қана қоймай, дәріге төзімділікті бағалауға мүмкіндік береді.

GeneXpert MTB/RIF — туберкулезді молекулалық-генетикалық диагностикалаудың заманауи әдістерінің бірі.

Бұл әдістің маңызды артықшылықтары:

  • зерттеу нәтижесі шамамен 2 сағатта дайын болады;
  • диагностиканың дәлдігі жоғары;
  • туберкулез қоздырғышының рифампицинге төзімділігін бір мезгілде анықтауға мүмкіндік береді;
  • Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған әдіс;
  • өкпелік және өкпеден тыс туберкулез кезінде қолданылуы мүмкін;
  • тестілеуге арналған аппараттар Қазақстанның өңірлерінде қолжетімді.

Зерттеуге тек қақырық қана алынбайды. Клиникалық жағдайға байланысты жұлын-ми сұйықтығы, плевра сұйықтығы, зәр, нәжіс, лимфа түйіндерінен алынған материал және басқа да биологиялық үлгілер зерттелуі мүмкін.

Ерте әрі дәл диагностика — емдеуді дер кезінде бастап, дұрыс ем тактикасын таңдаудың маңызды қадамы. Заманауи диагностика — туберкулезсіз Қазақстанға бастар маңызды қадам!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *