Skip to content

Бүгін Өскемен қаласының №1 емханасы ұжымында Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын түсіндіруге арналған жиналыс өтті

Бүгін Өскемен қаласының №1 емханасы ұжымында Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын түсіндіруге арналған жиналыс өтті.
Спикерлер ретінде «Әділдік және Прогрессивті Халық Конституциясы үшін» өңірлік коалициясының мүшелері — Сафиоллинова Райфа Сафиоллиновна және Борангалиева Шынар Бакытканкызы сөз сөйледі.

Ұжымға жоба ережелерінің негізгі қағидалары жан-жақты таныстырылып, ұсынылып отырған өзгерістердің басты бағыттары мен маңызы түсіндірілді.

Спикерлер ұсынылған өзгерістер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

Кездесу соңында жоба бойынша түпкілікті шешім 15 наурыз күні өтетін Республикалық референдумда қабылданатыны және әрбір азаматтың қатысуы азаматтық жауапкершіліктің маңызды көрінісі екені айтылды.

 

 

#референдум
#референдум2026
#жаңаКонституция
#новаяКонституция
#АтаЗаң
#15наурыз

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *