Skip to content

«Отбасын жоспарлау» және «Жүктілікке дейінгі дайындық»

2025 жылғы 25 мамырда «Үміт» жастар денсаулық орталығында репродуктивтік денсаулықты сақтау мәселелеріне арналған Ашық есік күні өтті. Іс-шараның тақырыптары: «Отбасын жоспарлау» және «Жүктілікке дейінгі дайындық» болды.

Іс-шара аясында қатысушылар мамандардан жеке консультациялар алды. Барлығы 62 адам қамтылды. 10–35 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар «Үміт» МДО мамандарынан өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алу мүмкіндігіне ие болды.

Репродуктивтік денсаулық апталығы 2026 жылғы 25–29 мамыр аралығында өткізіледі. Іс-шара жасөспірімдер, жастар және ерлі-зайыптылар арасында отбасын жоспарлау, контрацепция әдістері, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу, жатыр мойны обырының профилактикасы, ерлер репродуктивтік денсаулығы, жүктілікке дейінгі дайындық және адам папиллома вирусының (АПВ) алдын алу мәселелері бойынша ақпараттандыруды арттыруға бағытталған.

Апталықты өткізу халықтың репродуктивтік денсаулығына қатысты өзекті мәселелерге назар аудартуға және медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.

#ДеніСауҰрпақ #ЗдоровоеПоколение

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *