
Құрметті пациенттер!
Сіздің сұрақтарыңызға жедел жауап беру және сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында №1 емханада «Пациенттерді қолдау қызметі және ішкі аудит қызметі» жұмыс істейді.
Сіз төмендегі жағдайларда қызметке жүгіне аласыз:
- Учаскелік дәрігердің қабылдауынан бас тартылған болса;
- Дәрігерді үйге шақыру қызметі көрсетілмесе;
- Бейінді (тар) маманға жазылу мүмкін болмаса;
- Дәрігер дөрекі немесе әдепсіз қарым-қатынас танытса;
- Көрсетілген медициналық көмектің сапасы көңіліңізден шықпаса;
- Медициналық құжаттарда қателер анықталса;
- Медициналық қызмет көрсетуге қатысты басқа да сұрақтарыңыз туындаса.
БІЗ СІЗГЕ КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ ӘРҚАШАН ДАЙЫНБЫЗ! Мәселеңізді мүмкіндігінше сол жерде немесе белгіленген мерзімде шешуге көмектесеміз.
Бізбен байланысу үшін:
Қызмет телефоны: 8 (771) 524-43-46
WhatsApp: 8 (771) 524-43-46
Сіздің пікіріңіз біз үшін өте маңызды!
