Skip to content

ЖАҢА АВТОКӨЛІК — ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР!

Бүгін біздің емхана үшін маңызды әрі қуанышты оқиға — жаңа қызметтік автокөліктің салтанатты түрде табысталуы өтті.

Автопаркті жаңарту Банк ЦентрКредит (БЦК) қолдауының арқасында мүмкін болды. Медициналық саланы дамытуға көрсеткен қолдауы және емханамыздың материалдық-техникалық негізін нығайтуға қосқан үлесі үшін БЦК-ға алғысымызды білдіреміз.

Жаңа автокөліктің кілтін Банк ЦентрКредит директоры Зульфия Рашидовна салтанатты түрде табыстады. Сонымен қатар ұжымға сәттілік, жаңа мүмкіндіктер мен қауіпсіз жол тіледі.

Емхананың бас дәрігері Айман Мырамытова атап өтті:

«Біздің емхана үшін бұл — маңызды оқиға. Жаңа автокөлік — жай ғана автопаркті жаңарту емес, бұл біздің жұмысымызға жаңа мүмкіндіктер беретін маңызды қолдау. Ол қызметкерлеріміздің мобильділігін арттырып, жұмыс міндеттерін жедел орындауға және пациенттерімізге медициналық көмекті одан әрі тиімді көрсетуге мүмкіндік береді. Банк ЦентрКредитке қолдауы және емханамыздың дамуына қосқан үлесі үшін шын жүректен алғыс айтамыз».

Ұжымымызға қауіпсіз жол, табысты жұмыс, жаңа мүмкіндіктер және тек сәтті сапарлар тілейміз!

Жаңа автокөлік күнделікті жұмысымызда сенімді көмекші болып, пациенттеріміздің игілігі үшін қызмет етсін!

Емханамыздың ұжымын автопарктің жаңаруымен құттықтаймыз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *