
Энергетикалық сусындардың құрамында кофеин, қант, гуарана және ағзаға қосымша әсер ететін басқа да қоспалар бар.
- Ми: мазасыздық, ашушаңдық, ұйқының бұзылуы.
- Тістер: кариес, тіс эмалінің бұзылуы.
- Бүйрек пен бауыр: ағзаға қосымша жүктеме.
- Асқазан: қыжыл, қышқылдықтың жоғарылауы.
- Жүрек-қантамыр жүйесі: жүрек соғуының жиілеуі, қан қысымының жоғарылауы, жүрек ырғағының бұзылу қаупі.
- 0,5 литрлік бір банка энергетикалық сусынның құрамында 13–15 шай қасыққа дейін қант болуы мүмкін.
- Энергетикалық сусындарды алкогольмен бірге тұтыну, сондай-ақ дене жаттығулары мен ұйқы алдында ішу аса қауіпті.
- Қазақстанда энергетикалық сусындарды 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға тыйым салынған.
- Денсаулыққа пайдалы балама: су, жемістер мен жидектер, жеткілікті ұйқы және тұрақты дене белсенділігі.
Денсаулығыңызды сақтаңыз — саналы таңдау жасаңыз!
