Skip to content

Скрининг және ауруларды ерте анықтау

Скрининг және ауруларды ерте анықтау

Денсаулыққа қамқорлық жасаудың ең маңызды қадамдарының бірі — аурулардың алдын алу және оларды ерте анықтау. Көптеген аурулар бастапқы кезеңінде айқын белгілерсіз өтуі мүмкін. Сондықтан профилактикалық тексерулерден уақтылы өту өте маңызды.

Біздің емханада белгіленген жас және жыныс критерийлеріне сәйкес профилактикалық скрининг тегін жүргізіледі.

Скрининг түрлері:

Әйелдер үшін:

  • Жатыр мойны обыры — 30–74 жас, 4 жылда 1 рет.
  • Сүт безі обыры — 40–76 жас, 2 жылда 1 рет.

Ерлер үшін:

  • Цереброваскулярлық бұзылыстар — 50–76 жас, 2 жылда 1 рет.

Әйелдер мен ерлер үшін:

  • Артериялық гипертония және жүректің ишемиялық ауруы — 40–76 жас, 2 жылда 1 рет.
  • Қант диабеті — 40–76 жас, 2 жылда 1 рет.
  • Глаукома — 40–76 жас, 2 жылда 1 рет.
  • Колоректальды обыр — 50–76 жас, 2 жылда 1 рет.

Ерте анықтау — денсаулықты сақтаудың маңызды қадамы. Профилактикалық тексерулерден тұрақты өту ауруларды дер кезінде анықтап, қажетті емді уақытылы бастауға мүмкіндік береді.

Скринингтен қалай өтуге болады?
Тіркелген емханаңыздағы учаскелік дәрігерге немесе емхананың тіркеу бөліміне жүгініңіз.

Денсаулығыңызды кейінге қалдырмаңыз — скринингтен уақтылы өтіңіз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *