Skip to content

Балалардың жолдағы қауіпсіздігі

Баланың жолдағы қауіпсіздігі үлкендердің іс-әрекетінен басталады. Баланың бойында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын ерте жастан қалыптастырып, күнделікті дұрыс үлгі көрсету маңызды.

Қауіпсіз бағыт. Тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдары арқылы қауіпсіз бағытты таңдаңыз. Баламен бірге алдын ала жүріп өтіп, болуы мүмкін қауіптерді түсіндіріңіз және баланың жол жүру ережелерін толық меңгергеніне көз жеткізіңіз.

Ересектерге арналған 5 ереже:

  • 12 жасқа дейінгі балаларды тиісті балаларды ұстап тұратын құрылғыны пайдаланып тасымалдаңыз.
  • Автокөлік креслосын немесе басқа да ұстап тұратын құрылғыны баланың бойы мен салмағына сәйкес таңдаңыз және өндірушінің нұсқаулығын сақтаңыз.
  • Әрқашан өзіңіз қауіпсіздік белдігін тағыңыз және әрбір жолаушының белдік тағуын қадағалаңыз.
  • Аулаларда, мектептер, балалар мекемелері мен жаяу жүргіншілер өткелдерінің маңында жылдамдықты төмендетіңіз.
  • Жолдың жүретін бөлігіне жақын жерде баланың қолынан ұстаңыз.

Балаға үйретіңіз:

  • Жолдың шетіне келгенде тоқтау.
  • Солға, оңға және қайтадан солға қарау.
  • Жолды тек жаяу жүргіншілер өткелі арқылы кесіп өту.
  • Реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінде қауіпсіздікке көз жеткізіп, жолды тек бағдаршамның рұқсат беретін сигналы жанғанда кесіп өту.
  • Жолдан өту кезінде телефонға алаңдамау және құлаққап қолданбау.

Баланың автокөліктегі қауіпсіздігі. Әр жас кезеңінде балаға сәйкес келетін ұстап тұратын құрылғыны пайдалану маңызды:

  • Нәресте — қозғалыс бағытына қарсы орнатылған автокресло.
  • Кіші жастағы бала — кіріктірілген қауіпсіздік белдіктері бар автокресло.
  • Ересектеу бала — арқалығы бар бустерді қолданған дұрыс.
  • Қауіпсіздік белдігі — иық, кеуде және жамбас арқылы дұрыс өтуі керек.
  • Балаларға арналған ұстап тұратын құрылғыны өндіруші көрсеткен шекті параметрлерге жеткенге дейін пайдаланыңыз.

Велосипедпен жүру кезіндегі қауіпсіздік. Дұрыс тағылған дулыға мен қорғаныс құралдарын пайдаланыңыз. Жас ерекшелігіне қойылатын шектеулерді және жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз.

Есіңізде болсын: балалар қауіпсіздікті ең алдымен үлкендердің іс-әрекетіне қарап үйренеді. Қарапайым ережелерді сақтау жарақаттардың алдын алуға және баланың өмірін сақтауға көмектеседі.

Балаларды қорғаңыз — жолда мұқият болыңыз!

Төтенше жағдайда:
112 — бірыңғай жедел қызмет нөмірі
103 — жедел медициналық көмек
102 — полиция
109 — халыққа қызмет көрсету орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *