Мемлекеттік маңызды мерекелердің бірі – Тәуелсіздік күніне орай №1 емханада салтанатты шара ұйымдастырылды.
Осы күні мекеме қызметкерлері адал еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі және денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін марапатталды.
Емхананың бас дәрігері Айман Мырамытова өз сөзінде командалық жұмыс, жауапкершілік пен мамандыққа адалдықтың маңыздылығын атап өтіп, халықтың денсаулығы үшін күнделікті еңбегі үшін ұжымға алғысын білдірді.
Мерекелеріңізбен, қымбатты тұрғындар!
Сіздерге мықты денсаулық, амандық пен жарқын болашақ тілейміз.
