Skip to content

«Ол не айтқаныңды тыңдамайды. Ол не істегеніңе қарайды»

«Ол не айтқаныңды тыңдамайды. Ол не істегеніңе қарайды» 🚭👤
​Балалар алғашқы темекіні немесе вейпті көбіне өзгелердің мысалына қарап көреді. Ал бұл зиянды әдетке тосқауыл болатын ең басты күш — отбасында. Ата-ана ретінде сіз балаңыздың таңдауына зор ықпал ете аласыз.
​ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарына сүйене отырып, балалар мен жасөспірімдер арасында темекі шегудің алдын алудың негізгі ережелерін ұсынамыз:
​🗣️ Тұрақты диалог жүргізіңіз. Балалармен темекі мен электронды темекінің зияны туралы әңгімені балабақша жасынан бастаңыз. Шынайы әрі ашық болыңыз, баланың пікірін тыңдаңыз. Олар есейген сайын бұл тақырыпты үнемі айтып отырыңыз.
🚭 Темекінің кез келген түрі қауіпті. Түтінсіз темекі, қорқор (кальян) және вейптердің де кәдімгі темекі сияқты қауіпті екенін және күшті никотин тәуелділігін тудыратынын түсіндіріңіз.
🤝 Құрдастарының қысымына дайын болу. Балаңызбен бірге түрлі жағдайларды талқылаңыз: егер досы немесе таныстары темекі ұсынса, қалай нық түрде «жоқ» деп жауап беруге болатынын үйретіңіз.
🏡 Тәтінсіз шаңырақ. Үйде темекі шекпеңіз және қонақтарға да жол бермеңіз. Үйдегі таза ауа — денсаулықтың негізі.
🚬 Жақсы үлгі көрсетіңіз. Егер өзіңіз темекі шегетін болсаңыз, оны тастауға тырысыңыз. Бұл сөзіңіздің ең үздік дәлелі болады. Егер тастау қиын болса, ең құрығанда баланың көзінше шекпеңіз.
​⚠️ Егер бала темекі шегіп бастағанын білсеңіз не істеу керек?
Айқай-шу мен қатал жазалауға бой алдырмаңыз. Баламен сабырлы сөйлесіңіз. Жазалаудың орнына оған түсіністік танытып, бұл жаман әдеттен арылуға көмек ұсыныңыз.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *