Жасырын қауіп: біз күнделікті қанша тұз тұтынамыз?
Рациондағы тұздың артық болуы — денсаулығымызға төнетін басты қауіптердің бірі екенін білесіз бе? Тұзды шамадан тыс тұтыну артериялық гипертония, инсульт, инфаркт, бүйрек аурулары және остеопороздың дамуына тікелей әсер етеді.
Күнделікті норма қандай?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тәулігіне 5 грамнан аспайтын тұз тұнуды ұсынады (бұл шамамен 2 грамм натрий немесе төбесі жоқ 1 шай қасық).
Абайлаңыз: жасырын тұз!
Көптеген адамдар «мен тағамға тұзды аз қосамын, демек бәрі жақсы» деп ойлайды. Алайда тұздың басым бөлігі ағзамызға біз байқамайтын «жасырын» күйде, дайын өнімдер арқылы түседі:
Анық тұзды дәмі бар өнімдер: тұздалған майшабақ (сельдь), шұжықтар, қатты ірімшіктер, чипстер, фастфуд және балық консервілері.
Жасырын тұз (дәмі тұзды болып сезілмейді): кәдімгі нан, печенье, сүт, сүзбе, тіпті жұмыртқа! Мысалы, 100 г кәдімгі нанның құрамында 1 г дейін тұз болуы мүмкін.
Тұз тұтынуды дәмнен бас тартпай қалай азайтуға болады?
Тамақ дайындау кезінде тұздың орнына дәмдеуіштер мен шөптерді пайдаланыңыз.
Құрамында тұзы аз өнімдерді таңдаңыз, затбелгілерді мұқият оқыңыз.
Жартылай фабрикаттарды, шұжық өнімдерін, фастфуд пен консервілерді шектеңіз.
Тағамның дәмін татып көрмей тұрып, автоматты түрде тұз қосу әдетінен арылыңыз.
Тұз мөлшерін біртіндеп азайтыңыз. Дәм сезу рецепторларыңыз жаңа деңгейге тез бейімделеді!
Тұзды азайтыңыз — өміріңізді ұзартыңыз! Пайдалы ақпарат пен өнімдердегі тұздың нақты мөлшерін карусельден көре аласыздар.

