Skip to content

Ашық есік күні өтті

26 мамыр күні, «Үміт» жастар денсаулық орталығында Репродуктивті денсаулық апталығы аясында ерлер денсаулығы мәселелері бойынша халықтың ақпараттылық деңгейін арттыруға бағытталған Ашық есік күні өтті.

Іс-шара барысында 41 адамға аурулардың алдын алу, репродуктивті денсаулықты сақтау және салауатты өмір салтын ұстану мәселелері бойынша мамандар кеңес берді.

Сонымен қатар, медициналық колледж студенттері «Отбасын жоспарлау» жобасы аясында өткен семинар-тренингке белсенді қатысып, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мен профилактикалық тексерулердің маңыздылығы жөніндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Ерлер денсаулығы — бұл тек жеке әл-ауқат қана емес, сонымен қатар берік отбасы мен болашақ ұрпақтың негізі. Бүгінде профилактикалық тексерулерден уақытылы өтіп, медициналық сауаттылықты арттыру және жас кезден бастап өз денсаулығына қамқорлық жасау мәдениетін қалыптастыру аса маңызды.

 

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *