🔹Қазақстанның Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес БЦЖ вакцинасы жаңа туған нәрестелерге өмірінің алғашқы 1–4 күні енгізіледі.
🩺Бұл вакцина туберкулезден толық қорғамаса да, кішкентай балаларды аурудың ауыр және өмірге қауіпті түрлерінен қорғайды. Олардың ішінде ең қауіптілері – туберкулездік менингит пен диссеминацияланған (жайылған) туберкулез. Бұл түрлері көбіне 5 жасқа дейінгі балаларда кездеседі.
💉Манту сынамасы не үшін қажет?
Манту сынамасы – екпе емес, диагностикалық тест. Ол ағзаның туберкулез микобактериясымен (Кох таяқшасымен) байланысы болған-болмағанын анықтауға көмектеседі.
💊Манту сынамасы 2 айдан асқан, перзентханада БЦЖ егілмеген балаларға жүргізіледі.
📍Егер нәтиже күмәнді немесе оң болса, вакцинация кейінге қалдырылып, бала фтизиатрдың кеңесіне жіберіледі.
✅Манту сынамасы кімдерге жыл сайын жасалады?
Жыл сайын тексеруден тәуекел тобына жататын балалар өтеді:
* иммун тапшылығы немесе созылмалы аурулары бар балалар
* әлеуметтік тұрғыдан осал отбасылардағы балалар
* 2 айдан асқан, БЦЖ егілмеген балалар
* вакцинадан кейін тыртық қалыптаспаған балалар
👉Ал туберкулезбен ауыратын адаммен байланыста болған балаларға Манту сынамасы жылына екі рет жүргізіледі.
📋ТРА тесті деген не?
ТРА – қосымша диагностикалық тест. Ол Манту сынамасынан кейін нәтижені нақтылау қажет болған жағдайда жүргізіледі.
📌 БЦЖ вакцинасы, туберкулезді анықтау әдістері және қарсы көрсетілімдер туралы толық ақпаратты WWW.EGU.KZ сайтынан оқи аласыз.
