2026 жылғы 25 сәуірде емхана ұжымы бас дәрігері Айман Болатовнаның бастауымен мекеме мен оның филиалдары аумағында өткен сенбілікке белсенді қатысты.
Іс-шара елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған «Таза Қазақстан» президенттік бастамасы аясында ұйымдастырылды.
Сенбілік барысында аумақты тазалау, қоқыс жинау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Тазалық пен тәртіп — ортақ жауапкершілік пен бірлескен еңбектің нәтижесі. Барлық қатысушыларға белсенділік пен жанашырлық танытқандары үшін алғыс білдіреміз!
