Skip to content

Емханамызда Отан қорғаушылар күні мен Халықаралық мейіргерлер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

Емханамызда Отан қорғаушылар күні мен Халықаралық мейіргерлер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Бұл мерекелер күн сайын өз қызметінде күш-жігер, батылдық пен шексіз мейірімділік танытып жүрген қызметкерлеріміздің еңбегін айшықтайды.

Салтанатты шара марапаттау рәсімімен басталды. Адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және өз ісіне деген жауапкершілігі үшін үздік қызметкерлер: алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шара барысында емхананың бас дәрігері Айман Мырамытова ұжымға құттықтау сөз арнап, әр қызметкердің халық денсаулығын сақтау жолындағы еңбегінің маңыздылығын атап өтті.

«Біздің мейіргерлер — емхананың жүрегі. Сіздердің қамқорлықтарыңыз бен жылы сөздеріңіз кейде кез келген дәріден де артық ем болады. Ал ер азаматтарымыз — біздің сенімді тірегіміз бен қорғанымыз. Баршаңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын! Қандай кезең болмасын, мамандықтарыңызға және адамгершілік парыздарыңызға адал болып келе жатқан еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін», — деді Айман Мырамытова.

Барша әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтай отырып, зор денсаулық, таусылмас күш-қуат және ашық аспан тілейміз!

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *