Skip to content

Медицина қызметкерлері күні құтты болсын!

Медицина қызметкерлер күні – бұл өмірді сақтап қалуды өз миссиясы санайтын, шынайы қамқорлық пен ұлы мамандыққа адалдық танытатын жандардың мерекесі.

Осы айтулы мереке қарсаңында біздің емханада салтанатты жиын өтті.

Емхана ұжымының бас дәрігер Мырамытова Айман Болатқызы құттықтап, қызметкерлердің жоғары кәсібилігін, өз ісіне деген адалдығын және әрбір маманның емделушілер денсаулығын сақтауға қосып жүрген күнделікті үлесін ерекше атап өтті.

«Сіздердің әрқайсыларыңыз – денсаулық сақтау жүйесінің берік тірегісіздер. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің, ұқыптылықтарыңыз бен жауапкершіліктеріңіздің арқасында емделушілер сапалы әрі уақытылы медициналық көмек алады. Ерен еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Баршаңызға зор денсаулық, отбасы амандығын және жаңа кәсіби жетістіктер тілеймін», – деп атап өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *