Skip to content

Өскемен қаласының №1 емханасы ұлттық аккредитациядан өтіп, I санатқа ие болды!

ШҚО ДСБ «Өскемен қаласының №1 емханасы» ШЖҚ КММ ұлттық аккредитациялау сәтті өтіп, оның қорытындысы бойынша I санатқа ие болды!

Бұл – медициналық көмектің жоғары сапасын, пациенттердің қауіпсіздігін және ұжымымыздың тиімді жұмысын айқындайтын маңызды жетістік.

Бағалау 8–10 маусым аралығында жүргізіліп, ұйым қызметінің барлық негізгі бағыттарын қамтыды: басқару жүйесі, медициналық көмектің сапасы, пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, клиникалық қызметтердің жұмысы, стандарттардың сақталуы және сапаны ішкі бақылау жүйесі.

Ұлттық аккредитациядан өту – емханамыздың әрбір қызметкерінің күнделікті еңбегінің, кәсібилігінің, жауапкершілігінің және үздіксіз даму мен жетілдіруге деген ұмтылысының нәтижесі.

Барша ұжымға ұйымшыл еңбегі, өз ісіне адалдығы және осы маңызды нәтижеге қол жеткізуге қосқан зор үлесі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!

Алдағы уақытта да пациенттерімізге сапалы, қауіпсіз әрі заманауи медициналық көмек көрсету бағытындағы жұмысымызды жалғастыра береміз.

Бізге сенім артқан барлық пациенттерімізге алғыс айтамыз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *