Skip to content

«Салауатты өмірге бастама» республикалық семинар-кеңесі

ШҚО ДСБ «Өскемен қаласының №1 емханасы» ШЖҚ КММ қызметкерлері «Салауатты өмірге бастама» атты республикалық семинар-кеңесті ұйымдастыру және өткізу жұмыстарына белсене қатысты. Іс-шара 2026 жылғы 25–26 маусымда өтті.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыруымен, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған іс-шаралар аясында өткізілді.

Семинар жұмысына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ), ЮНИСЕФ-тің өкілдері, өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, штаттан тыс бас мамандар, медициналық жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары мен мамандары қатысты.

Іс-шара барысында ана мен бала өлім-жітімін одан әрі төмендету, ерте араласу жүйесін дамыту, профилактикалық бағдарламаларды жетілдіру, педиатриялық қызметті жаңғырту, сала кадрларын қамтамасыз ету, медициналық көмекті цифрландыру және балалар денсаулығын сақтау инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *