Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы ескертеді: дәрі-дәрмек — ойыншық емес!
Соңғы уақытта балалардың дәрі-дәрмектен улану жағдайлары жиілеп кетті. Оның негізгі себебі — дәрі-дәрмектердің балалардың қолы жететін жерде сақталуы және дәрігердің тағайындауынсыз бақылаусыз қолданылуы.
Дәрі-дәрмектерді мына жерлерде сақтамаңыз:
- үстелде, тумбочкада немесе ас үйде;
- сөмкеде немесе қалтада;
- балалардың қолы жететін шкафтарда;
- кәмпиттер мен азық-түлік өнімдерінің жанында.
Дәрі-дәрмектерді дұрыс сақтаңыз:
- құлыпталатын шкафта;
- мүмкіндігінше жоғарыда және баланың көзіне түспейтін жерде;
- түпнұсқа қаптамасында және нұсқаулығымен бірге;
- дәрумендер мен тәттілерден бөлек.
Балаларға өз бетінше антибиотиктерді, ауырсынуды басатын, тыныштандыратын, ұйықтататын дәрілерді, «таныстардың кеңесімен» берілетін препараттарды немесе басқа балаға тағайындалған дәрілерді беруге болмайды.
Есіңізде болсын: тіпті «қарапайым» таблеткалардың өзі ауыр улануға, бауыр мен жүректің зақымдануына, құрысуларға және комаға әкелуі мүмкін.
Егер бала дәрі-дәрмекті байқамай ішіп қойса:
- 103 немесе 112 нөміріне дереу хабарласыңыз;
- дәрінің қаптамасын сақтап қойыңыз;
- өз бетінше ем қолданбаңыз.
Балалардың қауіпсіздігі — ересектердің жауапкершілігі!
