Skip to content

Өнімнің құрамын қалай дұрыс оқу керек?

Күн сайын дүкенге барып, азық-түлік сатып аламыз. Бірақ қаптаманың ішінде не бар екеніне әрдайым мән береміз бе?

Денсаулық – саналы таңдаудан басталады. Жапсырмадағы ақпараттан шатаспай, шынымен пайдалы өнімдерді таңдау үшін мына пайдалы кеңесті сақтап қойыңыз:

  • Құрамына назар аударыңыз
    Ингредиенттер өнімдегі мөлшеріне қарай кему ретімен көрсетіледі: тізімнің басында мөлшері ең көп ингредиенттер жазылады. Құрамы қысқа әрі түсінікті өнімдер әдетте аз өңделген болады.
  • Қантқа мән беріңіз
    Егер қант, шәрбат немесе фруктоза тізімнің басында тұрса, өнімде қосылған қант мөлшері жоғары болуы мүмкін.
  • Қоспалар неғұрлым аз болса, соғұрлым жақсы
    Дәм күшейткіштер, бояғыштар, хош иістендіргіштер мен консерванттардың көп болуы өнімнің жоғары деңгейде өңделгенін көрсетуі мүмкін.
  • Өнімдерді салыстырыңыз
    Бір санаттағы әртүрлі өндірушілердің өнімдерін салыстырып, құрамы қарапайым әрі түсінікті өнімге басымдық беріңіз.

Сатып алып жатқаныңызды оқыңыз! Өзіңізге және тамақтануыңызға жауапкершілікпен қараңыз!

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысы бойынша әзірленген.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *